Нұрғабыл Малгаждарұлы атындағы Қызыл Қазақстан НМ
бойынша
«Ақмола облысындағы кәмелетке
толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» пилотты жобасы аясында мектеп ұжымын,жұмысшыларын (вахтерларды) оқыту сабақтары
өтті.
Тақырыбы:«Суицид
әрекеттерінің алдын алудағы мектеп рөлі»
Қатысқандар:Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологы, мұғалімдер, кіші қызметкерлер.
Мектеп директоры Айткулова А.Қ сөз сөйледі. 2017-2018 жылдарға арналған
кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтердің алдын алуға байланысты
жаңадан бағдарламаның енгізілгенін атап өтті. Күнделікті жасөспірімдердің
тыныс-тіршілігін қадағалау – олардың өмір қауіпсіздігін нығайта түсетінін
ескерте кетті.
Мектеп психологы Анапин Б.Қ бағдарламаның енгізілуі жөнінде Білім және
ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер
министрлігінің және Қызылорда облыстық білім басқармасының бұйрығымен
таныстырды. Мұғалімдерге психикалық
денсаулық туралы мағлұматтар айтып, бағдарламаның маңыздылығы мен өзектілігін
түсіндірді. Бағдарлама аясында жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырды:
ата-аналарды ақпараттандыру, мектеп қызметкерлерін оқыту, оқушылардан сауалнама
алу, хабардарлығын арттыру.
Мектеп психологы Анапин Бекежан Қайрбайұлы.