Текст
5 қазан «Ұстаздар күніне» орай мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «Дублер күні» өтті. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып,белсенді ат салысты. Дублёр күні оқушылар сабаққа ынта ықыласпен дайындалып, түрлі әдістермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді.
Оқушылар пән мұғалімдері мен қатар мектеп әкімшілігіне де дублер болды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындады. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс-тіршілігіне араласып,оқушыларымыз оң әсер алды.