02.03.2023
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан. Көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын!
Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!
Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!