2021 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім беру бөлімінің Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі" КММ. Заңды мекенжайы: Қызыл Қазақстан ауылы, Мектеп. көшесі, 9.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
«Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2021 жылы» Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ
1 қызмет көрсетті;
электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді 1 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызмет 0 қызмет.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2020 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымында 1 қызмет көрсетті;
электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсетілді 1 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер -1 қызмет.
3) Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат білім басқармасының http://sandyktau.aqmoedu.gov.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
2021 жылы білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде «Сандықтау аумағы» газетінде 1 мақала жарияланып, 1 тікелей эфир жүргізілді. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.
Мектеп директоры: АйткуловаА.К.
Орындаушы :Анапина С
Телефон: 87164098714