«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өткенді пысықтау" атты математика пәнінен ашық сабағы.

31.01.2017

Нұрғабұл Малгаждарұлы атындағы Қызыл Қазақстан негізгі мектебі

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

4-сынып

Математика

 

 

Тақырыбы:

«Өткенді пысықтау»

Өткізген:

Магзумова Р.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           2017жыл

 

Математика 4 - сынып

Тақырыбы: Өткенді пысықтау

 Мақсаты: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу

тәсілін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей

білу қабілетін дамыту; балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, дәптермен

жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, тазалыққа баулу, пәнге деген  сүйіспеншілігін ояту

ә) Адамгершілікке табиғатты қорғауға, тазалыққа тәрбиелеу.

б) Ауызша есептеу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: ЭКСПО 2017 суреті,

Тәуелсіздікке 25 жыл, Универсиада эмблемасы,

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу,

дүниетану,музыка..

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық даярлық

ІІ. үй

тапсырмасын тексерейік.

Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоялық. Көркем жазу 2017 . Биыл қандай жыл? , бұл сан

туралы не айтар едіңдер?

-ЭКСПО 2017.

-Дұрыс .

 Бұл Қазақстанның халықаралық

ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам

болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың,

сондай-ақ тұтастай алғанда

республиканың экономикалық және

инфрақұрылымдық дамуын қосымша

ынталандыруға қызмет ететін болады.

 «ЕХРО-2017 көрмелерінде барлық мемлекеттер

өздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетеді.

Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай шараларға барлық

құрлықтардан ондаған елдерден миллиондаған адамдар келеді. Астананың бәсекелестік

күресте жеңіске жетуі - кездейсоқ емес.

Біріншіден, бұл біздің астанамызды әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға

лайықты орталық деп танығандық.

 Екіншіден, Астананы таңдау біздің

мемлекетімізге берілген жоғары баға және оның дамуы - бүкіл еуразиялық аймақтың

дамуы персективаларын атап көрсетеді.

Үшіншіден, жеңіске біз ұсынған -

«Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігі көмектесті. Ақырында, бастысы -

Астананы таңдау бүкіл қазақстандық халықтың күш-жігерінің жемісіне айналды», -

деді Мемлекет басшысы.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ҚР елордасының үздік брендтерінің бірі және

аса әдемі нысан болады.

ІІІ. Математикалық диктантты орындаймыз.

·

6 центнерде неше килограмм бар?

·

10000 саны 5000-нан неше есе артық?

·

Шаршының ауданы 49

см 2, периметрін тап

·

3000 санын 420 мен 70 сандарының бөліндісіне бөл

·

Машинаның

жылдамдығы 60 км/сағ,  5 сағатта кандай

кашықтықта болады.

Оқулығымыздағы

№1 тапсырманы ауызша орындаймыз.

5-ке

бөлінетін;  ,70,480,

10-ға

бөлінетіндер;

2-ге

бөлінетіндер;

Балалар 20017

жылдың тағы қандай жаңалығы бар еді?

Қысқы

универсиада.Дұрыс. Ол туралы не біліп келдіңдер?

 XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017

жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған

FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады. Шамамен үш

мыңға жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда.Алматы облысындағы

Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары

сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортында өтеді.

Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашығы

салынады.Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5

қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы

спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті

спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы

тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан

секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.

Кеше

Астанада Универсиаданың алауы тұтанды. Бүгін Көкшетау , Қостанай қаласында

алауы тұтанды. 25-нен 29 –қаңтарға дейін барлық қалаларды алау аралап шығады.

29-і жарыс басталады.Оларға сәттілік тілейік ол үшін мына

№2 тапсырманы

тақтада түсіндіре отырып орындайық.

45150:14=

921570:51=

175440:43=

740160:36=

888860:98=

813400:28=

302520:12=

908820:18=

247230:41=

986750:5=

526350:3=

195760:8=

№4

тапсырма.ны оқыдық. Бөлудің компоненттерін еске түсірейік.

Бөлінгіш,

бөлгіш, бөліндінің мәні.

. Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД

елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО

көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған

әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп

күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Ендеше біз оларды киноға

апарайық, ол үшін билет алу керек.

  Тақтадағы сөз

есепті  дұрыс орындасақ қонақтарға киноға

апарамыз.

 

Сергіту сәті.

Балалар универсиадада Қазақстан

жастарының жеңгенін қалайсыңдар ма?

Әрине, жеңіс тілейміз. Қошеметтеп

оларды «Қазақ жігіттері» атты әнді орындайық.

Жақсы, отырайық. Енді оқулықтағы №5 тапсырма.Есепте.

Қай жерде «абайлау» керек? Өлшембірліктерге назар аударту.

..№6 тапсырма

Кестедегі мәліметтер мен сызбаны пайдалана отырып, бір-біріне ,

бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер құрастыр

Сұңқар

350км/сағ

Көгершін

90км/сағ

Қарлығаш

65 км/сағ

Қараторғай

81 км/сағ

Сұр қарлығаш

180км/сағ

 Құр 85 км/сағ

85 км/сағ


Сабақты бекіту.Сұрақтарға жауап беру, соңында жарайсыңдар деген сөз шығады тақтада.

.«Кім жылдам?» ойыны:

1.Бір ғасырдың жартысы нешеге

тең?  50

2. Тәуліктің үштен бір бөлігі

неше сағатқа тең? (8)

3. Оңынан да, солынан да бірдей

оқылатын, жазылатын сандар қайсы?(11

4. Бір-бірін қиып өтетін түзулер?

5. 5 тоннаның екіден бір

бөлігінде қанша килограмм бар? (2500 кг )

6. 1 см2  қанша 

мм2 бар 100

7. 1000теңгенің 710 теңгесіне

сауда жасасаң, қанша теңгең қалады? (290)

8. 1килограмм алма 360 теңге тұрса, 2кг алма қанша

тұрады? (720тг)

9. Ұшақтың жылдамдығы 800км. Ол 3сағатта неше км

ұшады?  (2400км, )

10. Абай Құнанбаевтың туған жылы

қашан? 1845

11. 9 сағатта неше минут? 540

Ж А Р А Й С Ы Ң Д АР

Ал, енді бүгін сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мына біздің ауылдың  атынан эстафета алауын тұтатады.   Алау

жағу.

 

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма №3, №7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 533


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст