7-9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында "Менің болашақ мамандығым" атты мектепішілік іс-шара жүргізілді. Лекция мен слайд арқылы оқушыларға ”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктері кеңейтілді. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым берілді.
"Мамандық дегеніміз не?" сұрағына оқушылардың пікірлері сұралды. Сондағы жауаптары:
*біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
*адамның болашаққа апаратын жолы;
*адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
*мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
*оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
*ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
*мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
*келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
*адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
"Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта,
экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек"- деген мәлімет берілді. 7-9-сынып оқушылары мұқият тыңдай отырып, өз қорытынды ойларымен бөлісті.