«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаз – ұлы тұлға» мектеп түлегінің ойы.

16.06.2017

«Ұстаз – ұлы тұлға»

    Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғап, «Мемлекетіміздің

ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы,

өйткені олар - біздің ұлтымыздың

болашақ айнасы» демекші, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға

жетпес биік тұлға.

   Ұстаздық ету ұлы қасиеттердің бірі. Ұстаз –

білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін

тап та, бар қалан» деп айтқандай, әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт

сілтеуші, өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы - мұғалім болып

табылады. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл

адамды, тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы

керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп

келген ұстаз, мұғалім.

     Мамандықтың бәрі жақсы

дегенмен, ұстаз орны ерекше. Әсіресе

біздің, Нұрғабұл Малғаждарұлы атындағы негізгі мектебіміздің мұғалімдері.

Біздерді 9 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, дұрыс, адал да ақ жол сілтеп,

тәрбиелеп келген біздің ұстаздарымыздың еңбегі зор.

     Мен

мұғалім ол - оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім

бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін.  Ана тілін ерекше құрметтеп, жетік білетін,

басқа тілде де жетік сөйлей алатын, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы

калыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай

білетін, жауапкершілігі мол, Отанын сүйетін, саналы еңбек етіп, өз ойын дамыта

алатын, салауатты тұлға – дайындау, оқыту мұғалімдердің міндеті деп ойлаймын.

   Мен  болашақта мұғалім болып, қызмет атқарғым

келеді. Мектебіміздегі сабақ беретін мұғалім апайларыма еліктеп, армандап

жүрген мамандығым – мұғалім. Үйдегі ата-анам да бұл шешіміме қарсылық

көрсетпей, керісінше қолдап отыр. Қазіргі жан-жақты дамыған заманда ең қажетті

мамандықтардың бірі  - қазақ тілі және

әдебиеті пәні мұғалімі.Мектептен

алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін

деп ойлаймын.

 

 

Мектеп түлегі: Жүзжасарова Рысгүл

 

Просмотров: 727


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст