Нұрғабұл Малгаждарұлы атындағы Қызыл
Қазақстан негізгі мектебі
Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған тілдер
онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар бойынша есебі
Қызыл Қазақстан негізгі мектебінде 9-18 қыркүйек аралығында Қазақстан
Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – достықтың мерейі»
атты тілдер онкүндігі өтті. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын
тіліндерінде ұйымдастырылды. Аталмыш
апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс-
шаралардың өтуіне ат салысты. 9 қыркүйек
күні апталықтың ашылу салтанатына орай мектеп директоры А.К.Айткулова тәуелсіз
елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де, тұрақты болып өрістеп дамуына үлес қосу
жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатынын айтып, Қазақстан Республикасы
халқының тілдер күнімен құттықтады. Оқушылар тілге деген сүйіспеншіліктерін ән
және жырмен жеткізді.
9-18 қыркүйек мектеп кітапханашы
«Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге арналған» кітап көрмесін ұйымдастырды.
12 қыркүйекте 5-7-сынып
аралығында ағылшын тілі мұғалімі Б.Ж. Үсенова «Тіл – халықтар достығының
кепілі» атты тақырыбында ашық тәрбие сабағын өткізді. Әртүрлі тапсырмалар
берді. Ағылшын тілінде оқушылар өз ойларын толық айтты. Өздерінің жылдамдықтарымен,
өнерлерімен білімдерін көрсете алды.
13 қыркүйекте 8-9 сынып
аралығында қазақ тілінің мұғалімі
Г.А.Ахметова «Жүзі басқа- жүрегі бір,
тілі басқа- тілегі бір» атты тақырыбында интеллектуалдық-танымдық жарыс
өткізді. Оқушылар өздерінің білімдерін жақсы корсете алды.
14 қыркүйекте «Әлем ұлттарының
ойындары» атты тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Өткізген мектепалды
даярлық сыныбының тәрбиешісі Р. Анапина.
15
қыркүйекте1-4сынып аралығында ағылшын тілі мұғалімі Б.Ж. Үсенова және бастауыш
сынып мұғалімдерімен бірге «Қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінің білгірлері» атты тақырыбында
интеллектуалдық-танымдық жарыс өткізді. Әртүрлі сұрақ- жауаптар, ойындар
өтілді. Оқушылар тапсырма жауаптары мен ойындарды ағылшын, орыс тіліне,қазақ
тілінде айтты.
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті
мұғалімі Г.А.Ахметова «Туған жер-алтын бесігім» атты тақырыбында 5-9-сынып оқушылары арасында
мектепішілік шығармалар байқауын өткізіп, ең таңдаулы шығарма жазған 9-сынып оқушысы Маканова Сәуле
тандалып марапатталды.
Сонымен қатар стендке үш тілде
ілінген тапсырмаларды барлық оқушылар
белсене қасытып , жауаптарын үш тілде параққа жазып отырды. Ол тапсырмаларда
жұмбақтар, сөзжұмбақ, мақал –мәтелдің жалғасын табу т.б. тапсырмалар болды.
Қыркүйектің 15 жұлдызында аудандық
«Жасай бер, ана тілі, қазақ тілі» атты
байқауға 9-сынып оқушысы Конурбаева Зейнеп қатысып, 1 орынға иеленді.
«Полиглот» аудандық байқауына 9-сынып оқушысы Маканова Сауле қатысып,
белсенділік танытқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Аптаның соңында
тіл апталығының жабылуы өтті,осы апталық арасында өткен конкурстарға белсенді
қатысқандарға алғыс хатпен мадақтама берілді.
Әдістеме бірлестік жетекшісі: Үсенова Б.Ж.