Жайсыз
ауа райы жағдайында сабақты тоқтату
туралы ата-аналарға, оқушыларға және мұғалімдерге арналған
мәлімдеме.
Жайсыз ауа райы
жағдайында сабаққа бару немесе бармау туралы шешімді ата-аналар қабылдайды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің
2006 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес мектептегі сабақ мынадай жағдайда
тоқтатылады немесе оқушылар сабаққа келе алмайды:
– 25 градус және одан төмен 2 м/с және одан да жоғары жел
жылдамдығында– 1–4 сыныптарда;
– 30 градус және одан төмен 2 м/с және одан жоғары жел
жылдамдығында – 1–9 сыныптарда;
– 35
градус және одан төмен 2 м/с және одан
да жоғары жел жылдамдығында – 1–11(12) сыныптарда ;
-секундына 2 метрден аспайтын жел жылдамдығында температура шегі -5 градусқа
дейін көтеріледі.
Сонымен бірге, білім беру ұйымдары кез келген
температуралық режимде жұмыс істейді.
Мұғалімдерге
жаңа тақырыптарды өтуді жоспарламау ұсынылады, керісінше ауа райы жағдайына
қарамастан сабаққа келген оқушылармен бірге өткен материалды бекіту және
қайталау сабақтарын өткізу ұсынылады.