Абайлаңыз, жұқа мұз! Қауіпсіздік сабағы
10.11.2026
Абайлаңыз, жұқа мұз!
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, жұқа мұз!» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға жұқа мұздың қауіптілігі, су айдындары маңында сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушылар қауіпті жағдайларды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ тақырыпқа сай ақпараттық жадынамалармен танысты.
⚠️ Жұқа мұзға шықпаңыз! Өз өміріңізді және жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыз!

Просмотров: 227