«Кішкентай азаматтың ережелері» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді.
09.11.2026
«Кішкентай азаматтың ережелері» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға әдептілік, тәртіп сақтау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, достарымен тату қарым-қатынас жасау және қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау ережелері түсіндірілді. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырып, жақсы азамат болудың алғашқы қадамдары ізеттілік пен жауапкершіліктен басталатынын түсінді. Іс-шара оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа және тәртіпті болуға тәрбиелеуді мақсат етті.

Просмотров: 1