«Ұлттық валюта – тәуелсіздігіміздің нышаны»

09.11.2026
Ұлттық валюта күніне орай оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы мен маңызын түсіндіру мақсатында «Ұлттық валюта – тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
 
Сынып сағаты барысында оқушылар теңгенің шығу тарихымен танысып, ұлттық валютаның ел экономикасындағы орны мен маңызы туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар қаржылық сауаттылық, ақшаны үнемдеу және тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасты.
 
Іс-шара оқушылардың Отанға деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. 🇰🇿
Просмотров: 1


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу