Теңге — тәуелсіздік нышаны!
05.11.2026
Теңге — тәуелсіздік нышаны!
15 қараша — Ұлттық валюта күніне орай «Адал азамат» бағдарламасының «Тәуелсіздік және отаншылдық» бағыты аясында 5–6 сынып оқушыларымен «Ұлттық валюта — теңге» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
📚 Оқушылар теңгенің тарихымен танысып, ұлттық валютаның еліміз үшін маңызын талқылады. Бюджет құрастыру тапсырмасында қажеттілік пен қалауды ажыратып, ақшаны ұқыпты жұмсау жолдарын ұсынды. Жағдаяттарды талдап, өз шешімдерін түсіндірді.
💙 Сынып сағаты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қаржыға жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

Просмотров: 1