«Отбасылық оқу – тәрбие бастауы»
01.11.2026
«Отбасылық оқу – тәрбие бастауы» 📚👨👩👧👦
Күзгі демалыс жоспарына сәйкес оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту мақсатында «Отбасылық оқу» шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар ата-аналарымен бірге ертегілер мен қызықты шығармаларды оқып, оқыған кітаптары бойынша пікір алмасты. Бірге кітап оқу арқылы балалардың сөздік қоры молайып, ойлау қабілеті мен шығармашылық қиялы дамиды.
📖 Кітап оқу – отбасын жақындастыратын, бала бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын маңызды құндылық.

Просмотров: 602