Күзгі демалыс жоспарына сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
26.10.2026
Күзгі демалыс жоспарына сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұлттық спорт түрлерінен турнир өткізілді. Оқушылар жарысқа белсенді қатысып, ептілік, шапшаңдық және тапқырлық танытты. Турнир барысында әділ ойын қағидаларын сақтауға, өзара сыйластық пен бір-біріне қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара оқушылардың ұлттық ойындарға қызығушылығын арттырып, достық қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті.

Просмотров: 125