Республика күніне орай мектебімізде ұлттық мерекенің маңыздылығын дәріптеу, оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және туған елге деген құрметін арттыру мақсатында танымдық іс-шаралар өткізілді.
23.10.2026
Республика күніне орай мектебімізде ұлттық мерекенің маңыздылығын дәріптеу, оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және туған елге деген құрметін арттыру мақсатында танымдық іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тарихы, тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтырды.
Мерекелік шаралар оқушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, Қазақстанның болашағына деген сенімін нығайтуға ықпал етті.
Республика күні құтты болсын! 🇰🇿
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Просмотров: 122