«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Мөлдір бұлақ – таза табиғат» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

23.10.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Мөлдір бұлақ – таза табиғат» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар судың тіршілік көзі екенін түсініп, бұлақтар мен өзен-көлдерді таза ұстаудың маңыздылығы туралы әңгімелесті. Суды үнемдеу, табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау жөнінде пайдалы мағлұматтар алды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және суды қадірлеп, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Табиғатты таза ұстайық, мөлдір суымызды аялайық! 🌿�
Просмотров: 119


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу