«Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті!
23.10.2026
«Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті! 🍂
Мектебімізде күз мезгіліне орай «Күзгі асар» атты күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге оқушылар мен ата-аналар белсене қатысып, күздің молшылығын, берекесі мен байлығын паш етті. Қатысушылар өз қолдарымен дайындаған түрлі тағамдар мен тәттілерді ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлады.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа және бірлікке тәрбиелеу. Күзгі жәрмеңке көтеріңкі көңіл күйде өтіп, барша қатысушыларға қуаныш пен шаттық сыйлады.
Күз – береке мен молшылықтың, бірлік пен еңбектің мезгілі! 🍁

Просмотров: 121