«Өмірдің жылы күзі болсын» шығармашылық байқауы

22.10.2026
 «Өмірдің жылы күзі болсын» шығармашылық байқауы
Мектебімізде Қарттар айлығы аясында «Өмірдің жылы күзі болсын» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Байқауға оқушылар белсене қатысып, күз мезгілінің әсемдігін, үлкендерге деген құрмет пен ізгі тілектерін өз туындылары арқылы жеткізді. 🎨🍁
Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылар қарттықты құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, мейірімділік пен қамқорлық таныту сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптеді.
Күздің әр күні жылулыққа, әр жүрек мейірімге толы болсын! Қарияларымыз аман болып, өмірлерінің күзі шуақты да берекелі өтсін! 
 
Просмотров: 328


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу