«Таза Қазақстан: Жасыл аймақ»
21.10.2026
«Таза Қазақстан: Жасыл аймақ»
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектебімізде «Жасыл аймақ» бағыты бойынша көгалдандыру және бөлме өсімдіктерін күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар ұстаздарымен бірге гүлдердің жапырақтарын тазалап, өсімдіктерге күтім жасап, табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу және табиғатқа қамқорлық жасауға үйрету. 🌱
Жасыл желек – жердің көркі, табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз! Туған жерімізді таза ұстап, жасыл аймақтарды көбейту арқылы болашақ ұрпаққа көрікті де таза орта қалдырайық!

Просмотров: 323