«Таза Қазақстан» акциясы аясында
21.10.2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 🌿
Мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақты тазалау, қураған жапырақтарды жинау және қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Туған жерімізді таза ұстап, табиғатқа қамқорлық жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірігіп атқарған әрбір игі ісіміз еліміздің көркеюіне үлес қосады. 🌱

Просмотров: 42