«Қазақстаным – туған елім!» сурет көрмесі
20.10.2026
«Қазақстаным – туған елім!» сурет көрмесі 🇰🇿🎨
25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде оқушылардың қатысуымен «Қазақстаным – туған елім!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өз суреттері арқылы туған Қазақстанымыздың әсем табиғатын, мемлекеттік рәміздерімізді, еліміздің көрікті жерлері мен жарқын болашағын бейнеледі. Әрбір суреттен балалардың Отанға деген ыстық ықыласы мен мақтаныш сезімі көрініс тапты.
Туған жерім – тұғырым, Қазақстан – мақтанышым!

Просмотров: 251