«Қазақстан – менің мақтанышым!» эссе байқауы
20.10.2026
«Қазақстан – менің мақтанышым!» эссе байқауы 🇰🇿
Мектебімізде оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – менің мақтанышым!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқау барысында оқушылар еліміздің жетістіктері, тәуелсіздіктің қадірі, туған жердің байлығы мен Қазақстанның жарқын болашағы туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Шығармаларында Отанға деген сүйіспеншіліктерін, ел болашағына деген сенімдері мен мақтаныш сезімдерін жеткізді.
Отанды сүю – жүректен, елді құрметтеу – ұрпақтан! 🇰🇿❤️

Просмотров: 262