«Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбындағы сынып сағаты

16.10.2026
«Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбындағы сынып сағаты
 
Мектебімізде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және жеке мәліметтерді қорғау мақсатында «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
 
Сынып сағаты барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану, жеке деректерді жарияламау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауда сақ болу және кибербуллингтің алдын алу туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жауапкершілік танытып, цифрлық ортада мәдениетті қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы айтылды.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және цифрлық технологияларды саналы әрі қауіпсіз пайдалануға үйрету.
 
Цифрлық әлемде қауіпсіз болу – өз қолымызда!
Просмотров: 60


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу