«Терроризм мен экстремизм – қоғам қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағы
16.10.2026
«Терроризм мен экстремизм – қоғам қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағы
Мектебімізде оқушыларға терроризм мен экстремизмнің алдын алу, қоғамдағы қауіпсіздікті сақтау және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндіру мақсатында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға терроризм мен экстремизмнің зияны, күмәнді жағдайларға бейжай қарамау, бейтаныс адамдардан келген күмәнді ұсыныстарға сенбеу және интернеттегі қауіпті ақпараттардан сақтану туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, қауіпсіздік ережелерін орындаудың маңыздылығы айтылды.
Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі. Бейбітшілік пен татулықты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Просмотров: 28