Терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында бейнефильм көрсетілді
15.10.2026
Терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында бейнефильм көрсетілді
Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру мақсатында тақырыптық бейнефильмдер көрсетілді.
Көрсетілім барысында оқушыларға терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізетін зияны, күмәнді ақпараттардан сақтану, интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және кез келген жағдайда қырағылық танытудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында бейбітшілікке, татулыққа, өзара құрметке деген құндылықтарды қалыптастыру және қауіпсіз қоғам құруға үлес қосу.
Бейбітшілік – елдің берекесі, қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Просмотров: 30