Дене шынықтыру онкүндігінің қорытындысы
09.10.2026
Дене шынықтыру онкүндігінің қорытындысы
Мектебімізде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру және спортқа деген қызығушылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Дене шынықтыру» онкүндігі өз мәресіне жетті.
Онкүндік аясында оқушылар түрлі спорттық жарыстар мен қызықты сайыстарға қатысып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, күш-жігерін және командалық бірлігін көрсетті. Спорттық іс-шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып, достық пен ұйымшылдықты нығайта түсті.
Онкүндіктің жабылу салтанатында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.
Спорт – денсаулық кепілі, ал салауатты өмір салты – жарқын болашақтың негізі! 💪
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңістеріңіз көп болып, спорттық жетістіктеріңіз арта берсін! 🥇⚽🏆

Просмотров: 260