«ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ»
23.09.2026
«ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ» 🌿
Мектебімізде «Еңбек түбі – береке» тақырыбында мектептің еңбек қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – күнделікті еңбегімен мектептің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етіп, білім ордасының қалыпты жұмыс істеуіне үлес қосып жүрген қызметкерлердің еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету.
Салтанатты жиын барысында мектептің техникалық және шаруашылық қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды. Олардың жауапкершілігі, ұқыптылығы мен адал еңбегі ерекше атап өтілді.
Мектеп – тек ұстаздар мен оқушылардан ғана емес, оның тыныс-тіршілігіне үлес қосатын барша қызметкерлерден құралған үлкен ұжым. Тазалық пен тәртіпті сақтап, күн сайын өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүрген еңбек адамдарының еңбегі әрдайым құрметке лайық.
👏 Еңбек – берекенің бастауы, ал еңбек адамы – әрдайым құрмет төрінде!
Барша еңбек қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен береке тілейміз!
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! 🌷
Просмотров: 691