«Жол белгілерін білейік!» танымдық іс-шарасы
21.09.2026
«Жол белгілерін білейік!» танымдық іс-шарасы
«Балбөбек» шағын орталығында тәрбиеленушілерге жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында «Жол белгілерін білейік!» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер бағдаршам түстерінің мағынасын қайталап, жаяу жүргіншілер өткелімен дұрыс өтуді және негізгі жол белгілерін ажыратуды үйренді. 🚸 Балалар қызықты сұрақтарға жауап беріп, ойындар мен тапсырмалар арқылы жол қауіпсіздігі туралы білімдерін бекітті.
Осындай іс-шаралар бүлдіршіндердің жолда сақ әрі мұқият болуына, қауіпсіздік ережелерін кішкентай кезінен меңгеруіне ықпал етеді.
🚦 Жол ережесін білейік – қауіпсіздікті сақтайық!

Просмотров: 942