«Еңбек түбі – береке»
17.09.2026
Бүгін мектебімізде «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып, өз ойларымен бөлісті, түрлі танымдық тапсырмалар орындады. Адал еңбек пен табандылықтың адамды жетістікке жеткізетіні туралы пікір алмасты.
🌱 Еңбек – берекенің бастауы, табыстың кілті!
Әрбір игі істің артында маңдай тер мен тынымсыз еңбек тұратынын ұмытпайық!

Просмотров: 299