17.09.2026
«Фразеологизм білгірлері» викторинасы
Мектебімізде оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту және тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын терең меңгерту мақсатында «Фразеологизм білгірлері» атты танымдық викторина өткізілді.
✨ Викторина барысында оқушылар фразеологизмдердің мағынасын анықтап, оларды сөйлем ішінде орынды қолдану, тұрақты тіркестерді жалғастыру және мағыналас тіркестерді табу бойынша қызықты тапсырмалар орындады.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсетті. Сайыс қызықты әрі тартымды өтіп, ана тіліміздің сөздік қоры қаншалықты бай әрі көркем екенін тағы бір мәрте танытты.
💫 Тіл байлығы – ой байлығы!
Осындай танымдық шаралар оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттырып, сөз мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.