11.09.2026
“Ата-ана көзімен – балабақшадағы бір күн” 🌸
“Балбөбек” шағын орталығында ата-аналардың қатысуымен ашық есік күні өткізілді. 🏫✨
Іс-шара барысында ата-аналар балабақшадағы балалардың бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып, оқу-тәрбие үдерісін өз көздерімен тамашалады. Балалардың күнделікті көңіл-күйі, қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігіне куә болды. 🧒👧💛
Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы өзара түсіністік пен тығыз байланыс – бала тәрбиесіндегі маңызды қадам. 🤝🌷