11.09.2026
«Тіл тағдыры – ел тағдыры»
Тіл онкүндігі аясында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар ана тіліміздің қадір-қасиеті, мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны, тіл мәдениетін сақтау мен дамыту мәселелері төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Оқушылар тіл туралы пікірлерімен бөлісіп, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер айтып, қызықты тапсырмаларға белсене қатысты.
🇰🇿 Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы. Ана тілімізді құрметтеу, оның мәртебесін көтеру – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Тіліміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын! 💙