17.04.2026
«Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» атты кітап көрмесі өтті .
Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған ерекше әрі қызықты кітап көрмесі ұйымдастырылды .Көрме барысында оқушылар ертегілер әлеміне саяхат жасап, түрлі кітаптармен танысты . Сонымен қатар, оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып, шығармашылық тапсырмалар орындап, қиялдарын кеңінен көрсетті. Мұндай шаралар балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді!