13.04.2026
Балалар жазушыларымен танысу»
Мектебімізде белгілі балалар жазушыларына арналған танымдық сағаттар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі С.Көбеевтің шығармаларымен танысып, оның тәрбиелік мәні зор туындыларынан әсер алды.
Орта және жоғары сынып оқушылары үшін «Танымал балалар жазушыларымен танысу» тақырыбында мазмұнды кездесулер өткізіліп, олар әр түрлі авторлардың шығармашылығы жайлы қызықты мәліметтер алды.
Осындай шаралар оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байыта түседі. #ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат хэштектері арқылы жариялануын ұсынамыз