«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нашақорлықтың зияны мен оның адам ағзасына, психологиялық жағдайына тигізетін кері әсерлері

08.04.2026
Мектептің медбикесі оқушылар арасында нашақорлықтың зияны мен оның адам ағзасына, психологиялық жағдайына тигізетін кері әсерлері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен айтылды.
 
Оқушыларға нашақорлықтың қоғамға және жеке өмірге тигізетін қауіптері нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, олардың зиянды әдеттерден аулақ болуына бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
 
Мұндай жұмыстар жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға, дұрыс таңдау жасауына жол көрсететін маңызды қадамдардың бірі болып табылады. 🌱
Просмотров: 533


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст