13.03.2026
Бүгін медбике оқушылармен нашақорлықтың зияны туралы түсіндірме жұмысын өткізді. Кездесу барысында есірткінің адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы айтылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Осындай тәрбиелік шаралар жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс таңдау жасауға шақырады.
Салауатты өмір — жарқын болашақтың кепілі! 💙