25.02.2026
Мектебімізде 2–4 сынып оқушылары арасында «Қазақстанның этномәдени байлығы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар халқымыздың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары мен мәдени құндылықтары туралы қызықты мәліметтермен танысты. Түрлі ойындар, шығармашылық тапсырмалар және таныстырылымдар арқылы балалар өз білімдерін толықтырып, туған елге деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін көрсете білді.
Мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру, мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.
Осындай тағылымды іс-шаралар оқушылардың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, елжандылық қасиеттерін нығайта түседі.