23.02.2026
Мектебімізде 5–9 сынып оқушылары арасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, оның елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі туралы мағлұмат алды.
Оқушылар түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлері жайлы таныстырылым жасап, еліміздегі достық пен бірліктің маңызын түсінді. Белсенді пікір алмасу арқылы жасөспірімдер татулық, сыйластық және өзара құрмет құндылықтарының қоғамдағы орнын тереңірек ұғынды.