16.02.2026
«Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында «Балбөбек» шағын орталығының педагогтерімен «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік міндеттерді заң талаптарына сай орындау, педагог мәртебесі мен жауапкершілігі жөнінде маңызды мәліметтер талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелік сұрақтарға жауап алды.
Мақсатымыз — білім беру ортасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейту.