"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру"
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы-аудандардың білім бөлімдері:
1.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі - портал).
2.Көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы, 026/е нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579)